Т-Сервис пен Neotech KZ компаниялары SDL TRADOS шешімдерін Қазақстанда енгізу жөніндегі келісімшарт жасады

Опубликовано: 06.01.2019

2010 жылғы 1 наурыз. SDL компаниясының Ресей мен ТМД елдерінің аумақтарындағы ресми өкілі Т-Сервис компаниясы Neotech компаниясының аймақтық өкілі Neotech KZ компаниясымен келісімшартқа қол қойғаны туралы хабарлайды.

Қазақстанның серпінді түрде дамып келе жатқан нарығы әрқашанда Т-Сервис компаниясының мамандарының назарында. Алматы, Астана және Атырау қалаларындағы көптеген тапсырыс берушілер, олардың ішінде ірі кен өндіруші, өңдеуші, кен байыту және мұнай-газ компаниялары және технологиялық шешімдерді жабдықтаушы компаниялар, сондай-ақ «фрилансер» аудармашылардың сұранымдарының қомақты көлемінің барлығы қолдаудың жоғары деңгейін талап етеді.

Тапсырыс берушілердің сұранымдарына жылдам жауап беру және SDL Trados мүмкіндіктерін Қазақстанда көрсету үшін Т-Сервис компаниясына SDL Trados шешімдерімен жұмыс жасауда өздік тәжірибесі бар сенімді серіктесті табу керек болды. Neotech компаниясының сыпайы ұсынысы бойынша компанияның Қазақстандағы аймақтық өкілдігі сол серіктес болды.

Техникалық аудармалар саласында жұмыс жасайтын Neotech компаниясы Ресейдегі SDL Trados шешімдерін сатып алып, қолданып және күн сайынғы жұмыста белсенді түрде пайдаланған лингвистикалық компаниялардың арасында алғашқылардың бірі болды. Neotech Ресей мен ТМД елдерінің аумақтарында ғаламдық корпорацияларға қызмет көрсететін ең ірі кәсіпқой аударма компаниясы және Ресейдің нарығында енгізілген сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкес келетінін дәлелдейтін сертификатқа ие компаниялардың бірі. Компанияның Қазақстандағы өкілдігі 2005 жылдан бері жұмыс жасап Қазақстан аумағында қызмет атқарып отырған халықаралық компаниялар мен елден тыс жерде бизнесін дамытуға мүдделі жергілікті ұйымдарға лингвистикалық ілесуді қамтамасыз етуге бағдарлануда. Қызметтердің жоғары сапасы мен технологиялық негізбен қамтамасыз етілген кеңейтілген жинағы, олардың қолайлылығы және оларға қолжетімділік бірнеше жылдар бойы тұрақты түрде Neotech KZ компаниясымен қызмет етіп келе жатырған тапсырыс берушілердің сеніміне ие болды.      

Қол қойылған келісімшарт аясында Neotech KZ өкілдерінің арнайы оқудан өтуі жоспарланып отыр. Сол оқудың барысында ұсынылатын жүйелердің айырмашылығы және лицензиялаудың ерекшеліктері секілді техникалық және коммерциялық мәселелер талқыланатын болады. Қазақстандағы кеңседе SDL Trados Studio 2009 жүйесінің соңғы версиясымен жабдықталған жұмыс орындары ұйымдастырылмақ. Әлеуетті пайдаланушылар жүйенің нақты жұмысын көре отырып, өз сұрақтарына жауап және маманның ақыл-кеңесін ала алады.  

Сондай-ақ Қазақстандағы корпоративтік тапсырыс берушілер үшін SDL мен Т-Сервис компанияларының өкілдері қатысатын семинарлардың ұйымдастырылуы жоспарланып отыр. Осындай семинарлар Мәскеу және Киев қалаларындағы корпоративтік тапсырыс берушілер үшін бірнеше рет жүргізілген болатын. Корпоративтік семинар SDL Trados жүйесінің ең жаңа шешімдерін көрсету, жүйелерді белсенді пайдаланушылармен әңгімелесіп олардың ұсыныстарын тыңдау, жүйелерді енгізуге байланысты тәжірибе алмасу, тапсырыс берушілердің мәселелері мен оларды шешу тәсілдері туралы пікір алмасу және ірі ұйымдардағы көп тілді жобаларды басқаруға арналған SDL Trados серверлік шешімдерінің артықшылықтарын көрсетуге жақсы мүмкіндік.   

Қазақстандағы алғашқы семинар қазан айына жоспарланып, ол Қазақстандағы ең қарқынды іскерлік белсенділік мерзіміне - «Мұнай мен Газ 2010» деген ХVIII-ші Қазақстанның  халықаралық көрмесін өткізу мерзіміне тура келеді.

«Біз бұл салада өзінің Қазақстандағы өкілдігі арқылы бірге жұмыс істеуді ұсынғаны үшін Neotech компаниясына алғысымызды айтамыз» - деді Т-Сервис компаниясының директоры Светлана Светова. 

Neotech компаниясының өндіріс жөніндегі директоры Павел Дунаев келісімшартқа қол қойылғандығы туралы былай деді: «18 жыл бойы жинақталған мол жұмыс тәжірибеміз және білім қорымызбен бірге тапсырыстарды орындау мен жобаларды басқарудағы ең жаңа технологияларды пайдалануымыз әрқашанда біздің компаниямыздың маңызды артықшылығы болып келеді. SDL технологиялық шешімдері саласында сенімді серіктес ретіндегі Т-Сервис компаниясымен ынтымақтастығымыз әрі қарай сәтті жалғаса беретіндігіне сенімдіміз».

 

rss