Алматы, сүндет жасау, сүндетке отырғызу, циркумцизия, сундет, хирург

Опубликовано: 26.01.2019

Күпекті сүндеттеу немесе ғылыми тілмен айтқанда циркумцизио, бүгінгі таңда діни жағынан да , басқа жағынан да өз жақтаушыларын табуда. 

Бұл шараға байланысты туындайтын кең таралған сұрақтар: 

Сүндеттің артықшылықтары

1. жыныс мүшелерінің онкологиялық ауруларының алдын алу: күпекте жиналатын бездерден бөлінетін  сұйықтық смегма ерлер жыныс мүшесінің де, жатыр мойнының (көбінесе екінші жағдай  )рак ауруларын тудыратын нағыз канцероген болып табылады. Күпек сүндеттелген соң смегма жиналатын орын қалмайды, бездер оны өндіруді де тоқтатады. Смегманың пайдасы тек баланың жатыр ішілік дамуы кезінде пайдасын тигізеді. 

2. ЖИТС жұқтырудан қорғанудағы таптырмас профилактика: көптеген зерттеулер ЖИТС тек микротравма болған күпектен жұқтырылатыны дәлелденген, ал сүндет жасалған соң күпек болмайды, ал купектің орны қатайып травмаларға тұрақты болады. 

3. жыныс актсінің оргазм уақыты мен  уақытының ұзаруына байланысты ұзаруы: сүндеттелгеннен кейін жыныс мүшесінің ұшы қатаюына байланысты оның сезімталдығы тактильді төмендейді, жанасуға тұрақтанады, соған байланысты ер адам қынапқы енулер санын көбейтуі керек, оның нәтижесінде жыныс актісінің жалпы уақыты ұзарады. 

4. фимоз сияқты асқынулардың профилактикасы: күпектің тар болуы жыныс мүшесінің  ұшының ашылуының нашарлауына себепші, күпектің астында жиналатын инфекциялардың әсерінен жыныс мүшесі қабыныа, созылмалы баланпостит , фимоз, парафимоз, жыныс мүшесінің ұшының қысылуы сияқты ауруларды тудыруы мүмкін. 

5. жыныс мүшесінің әлпетінің жақсаруы.

6. жыныс мүшесінің ұшының тұрмыстық жағдайда немесе жыныстық қатынас кезінде қысылып қалуынан қорғау. 

Циркумцизия кемшіліктері (сүндет) 

Қарапайым болып көрінер, бірақ сүндеттің кемшіліктері жоқ. Барлық айтылған кемшіліктер мамандар жағынан(балалар урологтары мен хирургтары) сынға түсіп жоққа шығарылған. 

Сүндетті қашан жасаған жөн?

Ең бастысы сүндетті ұл баланың жыныстық өмірі басталмай жатып жасаған дұрыс,бұл барлық мамандардың кеңесі. Ал ең қолайлы уақытты ата ананың өзі таңдайды. Алайда дәрігерлер туылғаннан бір айға дейінгі кезеңді кеңес етеді, себебі, жаңа туған баланың жүйке жүйесі дамымаған, ол ауырсыну қандай және қайдан болып жатқанын түсінбейді, сондай ақ психологиялық жағынан ата анасына да сәбиге оңай тиеді, ал егер бір айға дейін үлгермесеңіз, кейінге қалдырған жөн, себебі екі айынан бастап бала май жинай бастайды және жыныс мүшесі сол май арасына тығылып қалады, бұл жағдайда ол шатының арасына тиіп ауырсыну тудыруы мүмкін, ал бір айға дейінгі балалардың қозғалысы да аз болғандықтан оңай жазылады. Егер бір айға дейін үлгермесеңіз балаңыз барлығын түсінетін кезге дейін күтіп оған түсіндіруге тырысыңыз, әйтпесе психологиялық ауытқулар немесе несеп ұстай алмау сияқты нәтижеге ұрыну мүмкін. Баланы әдетте алты, сегіз жасында түсіндіруге болады. Әр жағдайды жеке қарастырған жөн. Сүндетке отырғызудың техникалық жағынан жасқа байланысты ерекшелігі жоқ! 

Сүндетке отырғызудың қай әдісі тиімді?

Бүгінгі таңда ең кең таралған және белгілі GomcoClamp аппаратымен орындалатын құлыптық әдіс болып табылады. Бұл әдіс жайлы толығырақ ғаламтордан осы құралдың сипаттамасын оқи отыра табіға болады немесе осы әдіс қолданылатын жазбаларды көруге болады. Сондай ақ ескерген жөн, барлық кезде алтын стандарт болған хирургиялық жол сіздің таңдауыңызда. 

Ата-анаға не білген жөн?

Сәбидің ата анасы оның бірінші күндерінде ақ балалар урологына немесе хирургына қаратып оның жыныс мүшесінің қалпын, дамуын, құрлысын, жұмыртқа бездерін тексерген жөн. Себебі балалар хирургиясында егер, баллада туа біткен ауытқу: гипоспадия, эписпадия, жыныс мүшесінің қыйсаюы болса, оны сүндетке отырғызуға болмайды.

Себебі оның күпегі аруын емдеуде орын алмастырушы материал бола алады. Келесі іс әрекеттерді тек дәрігер белгілей алады.

Біздің мамандар:

Тұрсынкұлов Бақтияр Шахайдарұлы

Балалар хирургі

Мәжібаев Қуанышбай Әбдікерімұлы

Ересек пен балалар андролог-урологы

Әзілханов Ораз Қапсаметұлы

Дәрігер Уролог

Қызметті көрсететін клиникалар:

Алматы қаласындағы медициналық орталығы

Жетысу-3 ы-ауданы , 2А үй(Абая даңғылы, Момышұлы көшесінің қиылысы)

Call-Center:   +7 727 22-000-22, +7 707 22-000-22

Көру
rss